TOP-2Спорт

Спорт министрлігі Михаил Шайдоровтың айлығы қанша екенін айтты

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Милан Олимпиадасының чемпионы Михаил Шайдоровтың айлығы қанша екенін айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Қателеспесем, Михаил Шайдоровтың айлығы Олимпиадаға дейін 1,5 млн теңгеден сәл асқан”, – деді Жарасбаев.

Оның сөзінше, бұл айлықты Шайдоров 2025 жылдан бері алып келген. Оған қоса оның оқу-жаттығу жұмыстары, шетелге шықса жол ақысы, қонақүйі бәрі төленеді.

“Қазір БАҚ-та ол жалғыз дайындалған-мыс деген ақпарат көп тарап жатыр. Ешкім де Михаил Шайдоровтың дарынына дау айтпайды. Ол шынында да, керемет талантты спорты. Оны мемлекет пен ата-анасы қолдады. Әкесі өзінің бапкері”, – дейді Жарасбаев.

Back to top button