Тергеу

Ақтөбе облысында мұғалімнің мәйіті табылды

Қайғылы оқиға Темір ауданында болды. 2002 жылы туған жас жігіттің денесі Еңбекші ауылындағы үйдің ауласынан табылған, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ

Темір аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

«Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАДЫ МА

Білім басқармасы марқұмның тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істегенін растады. Марқұмның әріптестері сабағына келмеген мұғалімді іздеп бастаған. Кейін үйіне барып, жас оқытушының денесін тауыпты.

Жас жігіт ағасының үйінде тұрған. Үйленбеген. Алдын ала мәлімет бойынша, мұғалім өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.

Back to top button