TOP-2Оқиға

Балқашта бір үйдің подъезді опырылып құлап түсті

Әлеуметтік желіде Балқаштағы бес қабатты тұрғын үйлердің бірінің подъезі опырылып құлап түскен видео таралып жатыр, жеп хабарлайды Tizgin.kz.

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, 19 ақпанында сағат шамамен 08:10-да Қараменде би көшесі, 10 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің бұрын апатты деп танылып, бұзуға жатқызылған, қазір адам тұрмайтын кіреберісінің бір бөлігі құлаған.

“Аталған подъезде ешкім тұрмаған. Зардап шеккендер жоқ. 2025 жылы көрсетілген подъезд Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілген техникалық қорытынды мен құрылыс сараптамасының негізінде апатты деп танылған. 5-подъездің тұрғындары алдын ала қоныс аударылып, пәтерлері тұруға жарамсыз деп танылғандықтан, заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаж азаматтар ретінде есепке қойылған. Құлау сәтінде қаза болғандар мен зардап шеккендер тіркелген жоқ. Ғимарат қоршауға алынып, кіруге шектеу қойылды, инженерлік коммуникациялар (электр, жылу, су жүйелері) белгіленген тәртіппен ажыратылды”, – делінген хабарламада.

Қазір құрылыс және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, 5-подъездің демонтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Демонтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін қалған 4 подъездге қосымша техникалық тексеру және құрылыс сараптамасы жүргізіледі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от БАЛХАШ НОВОСТИ / ВИДЕО / ОБЪЯВЛЕНИЯ (@balhash.fm)

Back to top button