TOP-2Жаңалықтар

«Біз, Тәшиевтер духы бар адамдармыз» – Қамшыбек Тәшиевтің депутат інісі

Қырғыз жоғарғы кеңесінің депутаты әрі елдің мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бастығы қызметінен кеткен Қамшыбек Тәшиевтің інісі Шайырбек Тәшиев қызметінен кете қоймайтынын мәлімдеді. Бұл жөнінде ол Азаттықтың қырғыз қызметіне берген сұхбатында айтты.

«Мандатын тапсыр, басқа қыл деп айта берсін. Мен ел-жұртыма қызмет қылып жатырмын. 24300 сайлаушым бар. Солардың құқығын қорғап, соларға қызмет етемін. 24300 адам қол қойып, мандатыңды тапсыр десе, мен кетуге даярмын. Осыларға қызмет етуге келген адаммын. Біреу кет десе кете салмаймын. Біреу қорқытса, қорыққалы тұрған жоқпын. Біз, Тәшиевтер духы бар адамдармыз. Ел-жұртымызға ақырғы күнімізге дейін қызмет етеміз», – дейді ол.

Қамшыбек Тәшиев қырғыз мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бастығы қызметінен кеткеннен кейін оның бірден үш орынбасары лауазымын босатты. Өзі лауазымынан босатылғанын Тәшиев Германияға емделуге кеткен кезде естіген. Ізінше қырғыз үкіметінде бірнеше министр ауысып, жоғарғы кеңестің төрағасынан бастап бірнеше депутат мандатын тапсырды. Құзырлы органдардың бірнеше лауазымды қызметкерлері қамауға алынды. Ал Тәшиевтің өзі бір ақпараттар бойынша елден уақытша кетіп қалған.

Back to top button