Тергеу

Қостанай облысының әкімі орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өзінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазинаны ұстауға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Tizgin.kz kaztag.kz-ке сілтеме жасап.

ӘКІМНІҢ АЙТҚАНЫ

Ресми дерекпен мұның алдында «ТоболИнфо» бөліскен болатын.

«Өздеріңізге белгілі, Гүлбарам Мұсағазинаға қатысты тергеу алдындағы рәсімнің басталғаны туралы ақпарат таралды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде. Заңнамаға сәйкес, мемлекеттік органдар тергеу барысына араласа алмайды және тиісті баға бере алмайды. Барлық мән-жайлардың объективті және жан-жақты қаралуына сенемін», – деді Ақсақалов.

Сонымен қатар, ол Мұсағазина өз өтініші бойынша 11 ақпанда қызметінен босатылғанын атап өтті.

Back to top button