Қазақстанның белгілі блогері Дастан Мұхамедкәрім Cannas WIBA Awards 2026 бағалауы бойынша әлемнің үздік travel блогері (саяхат блогері) атанды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
WIBA (World Influencer, Blogger Association) жыл сайын әлемнің ең үздік блогерлеріне беретін марапаттың осы жылғы есебі бойынша саяхат блогерлерінің үздігі деп Дастанды таныған.
Блогер 22 мамыр күні Францияның Канна қаласында өтетін салтанатты кеште марапатын алмақ.
Дастан Мұхамедкәрім Қазақстанның көрікті жерлерін видеоға түсіріп, әлемге паш етіп жүр. Оның Инстаграм әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында қазір 1,5 млн оқырманы бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram