Без рубрикиЖаңалықтар
ҚМДБ пәтуа шығарып, Рамазан айының алғашқы күнін белгіледі
ҚМДБ шариғи қағидалар мен сенімді астрономиялық есептерге сүйене отырып, Рамазан айының алғашқы күнін белгіледі, деп хабарлайды Tizgin.kz.
ҚМДБ мәліметінше, 2026 жылы Рамазан айы 19 ақпанда, Ораза айт мерекесі 20 наурызда басталады.
Сондай-ақ 19 ақпаннан бастап Рамазан айының басталатынын Иордания, Жапония, Индонезия, Бруней, Тайланд, Түркия, Сингапур, Сирия, Оман, Малайзия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және басқа да бірқатар елдер жариялады.
Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.