Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметшінің өлімі бойынша әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Оқиға орнына қорғаныс министрінің орынбасары, бас әскери прокурор, ІІМ әскери-тергеу департаментінің бастығы кеткен. Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары бастадып, сараптамалар тағайындалған.
Іс бойынша процессуалдық прокурор айқындалған. Істің тергелу барысын Бас прокуратура бақылауға алып отыр.