TOP-2Экономика

Ресей мен Беларусь нарығына Қазақстанның көліктерін кіргізбей отыр

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Олжас Әлібеков Қазақстанда құрастырылатын авткөліктерді бір экономикалық одақтағы Ресей мен Беларусь кіргізбей, шектеу қойып отырғанын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Үкіметтегі баспасөз мәслихатында сөйлеген Олжас Әлібеков Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өндірілген автокөліктердің бәрі кеден кодексіне байланысты одақ ішінде өндірілген тауар саналатынын атап өтті.

“Бірақ біздің көршілес елдерден – Ресей мен Беларусь тарапынан бізге қатысты қосымша төлем алынып жатты. Біз мұны экономикалық одақ шеңберінде кедергі ретінде қарастырып отырмыз. Соған қатысты біз де утильалым көрсеткішін жоғарылаттық”, – дейді ол.

Әлібеков қазір келіссөздер кеден одағы шеңберінде жүргізіліп жатқанын айтады.

Back to top button