Тергеу
Қостанайда колонияда сотталған адамның өлімі бойынша тексеру басталды
Қостанай облысындағы колонияда жазасын өтеп жатқан адамның өлімі бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz kaztag.kz-ке сілтеме жасап.
«Факт бейнебақылау жүйесінде тіркелді. Қызметтік тексеру жүргізілуде», – деп хабарлады ҚР ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметі.
Деректер бойынша, ол есірткі қылмысы үшін жазасын өтеп жүрген.