Жаңалықтар

Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі болып Қанат Ысқақов тағайындалды

Үкімет қаулысымен Қанат Жұмабайұлы Ысқақов Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қанат Жұмабайұлы Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының жетекші маманы болып бастаған.

Әр жылдары әртүрлі мемлекеттік құрылымдарда, соның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінде, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚР Мемлекеттік Хатшысының хатшылығында, ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында жұмыс істеген. 2012-2021 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған. 2021-2023 жылдары – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы, 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі болған.

Back to top button