Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға келеді, деп жазады Спутник.
Путин мемлекеттік сапармен мамыр айының соңында Қазақстанға келеді.
Кремль таратқан хабарламада Путин Қазақстан президентінің шақыртуын қабыл алғаны айтылады.
Путин Астанадағы Жоғарғы Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына қатысады.
Ақорда не дейді
Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін растады. Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Ресей сан қырлы қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын достық әрі өзара сенім сипатында талқылаған. Президенттер жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың дәйекті түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өткен. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету жұмыстарына оң баға беріп, бірлескен ғылыми-білім беру бастамаларын ілгерілетудің маңызына тоқталған.
“Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын тағы да растады”, – делінген Ақорда таратқан ақпаратта.
Әңгімелесу барысында тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасқан.