Қар жауып, аяз күшейеді – 16 ақпанға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК 16 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Астанада көшпелі бұлт жүреді. Жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -10…-12°C, күндіз -1…+1°C.
Алматыда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Жел 2-7 м/с. Түнде +1…+3°C, күндіз +8…+10°C.
Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жауады. Жел 7-12 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +6…+8°C, күндіз +15…+17°C.
Ақтауда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде 0…+2°C, күндіз +10…+12°C.
Ақтөбеде аспан бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Жел 7-12 м/с. Түнде -1…-3°C, күндіз 0…+2°C.
Атырауда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды, кей жерлерде тұман түседі. Жел түнде 3-8 м/с, күндіз 8-13 м/с. Түнде 0…-2°C, күндіз +3…+5°C.
Жезқазғанда көшпелі бұлт жүреді. Жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ және тұман күтіледі. Жел 5-10 м/с. Түнде -4…-6°C, күндіз -1…+1°C.
Қарағандыда көшпелі бұлт жүреді. Күннің екінші жартысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ болады. Жел 5-10 м/с. Түнде -8…-10°C, күндіз -1…+1°C.
Көкшетауда көшпелі бұлт жүреді. Жаңбыр мен қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Жел 9-14 м/с, кей уақытта екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде -10…-12°C, күндіз 0…-2°C.
Қонаевта көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Жел 9-14 м/с, кей уақытта екпіні 18 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде 0…+2°C, күндіз +8…+10°C.
Қостанайда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды, кей жерлерде тұман түседі. Жел 9-14 м/с. Түнде -7…-9°C, күндіз 0…-2°C.
Қызылордада көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Тұман күтіледі. Жел 8-13 м/с. Түнде 0…+2°C, күндіз +8…+10°C.
Павлодарда көшпелі бұлт жүреді. Жаңбыр мен қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Жел 9-14 м/с. Түнде -18…-20°C, күндіз -3…-5°C.
Петропавлда аспан бұлтты. Қар, боран және көктайғақ болады. Жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде -12…-14°C, күндіз -1…-3°C.
Семейде көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Жел 3-8 м/с. Түнде -14…-16°C, күндіз 0…-2°C.
Талдықорғанда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Жел 2-7 м/с. Түнде -6…-8°C, күндіз +5…+7°C.
Таразда көшпелі бұлт жүреді. Кей уақытта жаңбыр жауып, тұман түседі. Жел 9-14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде 0…+2°C, күндіз +10…+12°C.
Түркістанда көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жауады. Жел 7-12 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +5…+7°C, күндіз +14…+16°C.
Оралда аспан бұлтты. Жаңбыр мен қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ және тұман күтіледі. Жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде -1…-3°C, күндіз -1…+1°C.
Өскеменде көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Жел 1-6 м/с. Түнде -20…-22°C, күндіз -1…-3°C.