ЕрекшеТергеу

Күдікті емес – органдар Қожамжаровтың құқықтық статусын әлі айқындай алмай отыр

Қазақстанның бұрынғы бас прокуроры Қайрат Қожамжаровтың құқықтық статусы әлі күнге дейін айқындалмаған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Қожамжаровқа қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, оның статусы әзірге анықталған жоқ», – деді мәжіліс кулуарында бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев.

Прокуратура былтыр оған қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ ол басшылық лауазымдарда болған әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлаған еді. Барлық қылмыстық істер бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылғаны сол тұста белгілі болған.

Back to top button