ЕрекшеЖаңалықтар

Қамшыбек Тәшиев Германияға ұшып кетті – БАҚ

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы қызметінен босаған Қамшыбек Ташиев бірнеше күн бұрын емделу үшін Германияға ұшып кеткен. Бұл туралы Kaktus.media өз дереккөзіне сүйеніп хабарлайды.

Тәшиев жүрек тұсы ауырсынатынына шағымданған.

Ал қырғыз президентінің баспасөз хатшысы Асхат Алагөзов Қамшыбек Тәшиевтің атын жамылып, орынбасарлары депутаттардан бастап қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдеріне дейін — қоңырау шалып, оларды түрлі әрекеттерге итермелегенін айтады. Ол әңгіме Бекболот Талгарбеков, Эмилбек Узакбаев және басқа да тұлғалар туралы болып отыр деп хабарлаған.

Комитетте Қамшыбек Тәшиевтің орынбасары болған Даниэль Рысалиев, Құрбанбек Авазов пен Элизар Сманов қызметімен қош айтысты. Шекара қызметі Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті құрамынан шығарылды. Бірақ оның бастығы орнынан кеткен жоқ.

Олар «генералдың жағына шығыңыздар», «мынаған қол қойыңыздар», «былай істейік, олай істейік» деген сияқты сөздер айтып, өз әрекеттері арқылы жағымсыз ахуалдың қалыптасуына жағдай жасаған, дейді Алагөзов.

Қырғыз БАҚ-тары “саясаттағы достық бітті” деп жазып жатыр. 

Back to top button