ЕрекшеТергеу

Қазақстан азаматы Қырғызстанда ұсталды

Қырғызстанда синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолы кесіліп, Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Tizgin.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

ҰҚК НЕ ДЕЙДІ

Бұл туралы 2026 жылғы 10 ақпанда Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) мәлімдеді.

Ведомствоның ақпаратынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 282-бабының 3-бөлігі бойынша қозғалған сотқа дейінгі іс аясында Қырғызстан аумағына синтетикалық есірткі жеткізу арнасы әшкереленген.

“Жүргізілген жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының нәтижесінде **8 ақпанда Қазақстан Республикасының азаматы синтетикалық текті “Альфа PVP” есірткі затының 5 келісімен ұсталды”, – делінген ҰҚМК хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Back to top button