Ерекше

Илон Маск Ай мен Марсқа қала салуды жоспарлап отыр

SpaceX компаниясы Айда өздігінен дамитын қала салуға басымдық беріп отыр. Бұл жоспардың жүзеге асуына 10 жылдан аз уақыт кетеді, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Илон Маск өзінің X-парақшасында жариялағандай 5-7 жылдан кейін осындай қала Марста да салынады. Маск Марсқа сапар тек планеталардың белгілі бір орналасуы кезінде, әр 26 ай сайын мүмкін болатынын атап өтті. Марсқа ұшу уақыты – 6 ай. Ал Айға ұшу әр 10 күн сайын жүзеге асуы мүмкін, оған жетуге 2 күн кетеді.

«Бұл Айдағы қаланы Марстағы қаладан әлдеқайда тез салуға мүмкіндік береді», – деп жазды Маск.

Back to top button