Көктайғақ, кей жерде боран – 9 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет мекемесінің синоптиктері 9 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Астана: күн бұлтты, жаңбыр мен қар жауады, төменгі боран соғып, көктайғақ болады. Жел түнде 3–8 м/с, күндіз 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –7…–9°C, күндіз –1…+1°C.
Алматы: көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде –1…–3°C, күндіз +5…+7°C.
Шымкент: көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жауады. Жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +13…+15°C.
Ақтау: күн бұлтты, жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ күтіледі. Жел 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде 0…–2°C, күндіз +5…+7°C.
Ақтөбе: күн бұлтты, қар жауады, көктайғақ болады, таңертең тұман түседі. Жел 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде –5…–7°C, күндіз –1…–3°C.
Атырау: күн бұлтты, жаңбыр мен қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел түнде 1–6 м/с, күндіз 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде –3…–5°C, күндіз 0…+2°C.
Жезқазған: көшпелі бұлт жүреді, таңертең жаңбыр мен қар жауып, боран соғады, көктайғақ пен тұман болуы мүмкін. Жел 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде –3…–5°C, күндіз 0…+2°C.
Қарағанды: көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр мен қар жауып, төменгі боран соғады, көктайғақ болады. Жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –7…–9°C, күндіз –1…+1°C.
Көкшетау: көшпелі бұлт жүреді, қар жауып, жаяу бұрқасын болады, көктайғақ күтіледі. Жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –8…–10°C, күндіз 0…–2°C.
Қонаев: көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с, екпіні 17–22 м/с, кей уақытта 30 м/с-ке дейін жетеді. Ауа температурасы түнде –1…–3°C, күндіз +5…+7°C.
Қостанай: күн бұлтты, қар жауады, көктайғақ болады. Жел 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде –8…–10°C, күндіз –3…–5°C.
Қызылорда: күн бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады, тұман түседі. Жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +8…+10°C.
Павлодар: көшпелі бұлт жүреді, қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –15…–17°C, күндіз –4…–6°C.
Петропавл: көшпелі бұлт жүреді, қар жауып, төменгі боран соғады. Жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –10…–12°C, күндіз –3…–5°C.
Семей: көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде –14…–16°C, күндіз 0…–2°C.
Талдықорған: көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде –11…–13°C, күндіз +4…+6°C.
Тараз: көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, кей уақытта тұман түседі. Жел 9–14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с, кей сәттерде 23 м/с-ке дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +13…+15°C.
Түркістан: көшпелі бұлт жүреді, кей уақытта жаңбыр жауады. Жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +12…+14°C.
Орал: күн бұлтты, қар жауып, төменгі боран соғады, көктайғақ пен тұман күтіледі. Жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –7…–9°C, күндіз –3…–5°C.
Өскемен: көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде –8…–10°C, күндіз –1…–3°C.