Нұрлан Сабыровтың Ресейде қандай мүлкі бар
Әйгілі әртіс Нұрлан Сабыровқа Ресейге кіру тыйым салынды деген ақпараттан кейін ресейлік БАҚ-та оның дүние-мүлкі жайлы деректер тарады. SHOT телеграм арнасының дерегінше, әзілкештің көрші елде екі пәтері мен екі көлігі бар, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.
700 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ҮЙІ, ҚЫМБАТ КӨЛІК
Сабуров Мәскеу түбіндегі қымбат ауданнан екі қабатты үй сатып алған. Құны – қазіргі курспен 738 млн теңге (115 млн рубль). Одан бөлек әртіс 2022 жылы 78 млн теңгеге (12,2 млн рубльге) жер учаскесін иеленеді. Кейін әйелі, үш баласымен сол аумақтағы үйде тұрған.
Тұрғын үйден бөлек Сабуровқа екі көлік тиесілі көрінеді. Оның бірі – құны 128 млн теңге (20 млн рубль) тұратын «Гелендваген», екіншісі 70 млн теңге (11 млн рубль) деп бағаланған «Кадиллак» көлігі.
Ресейлік Super басылымының жазуынша, әртістің «Сабр Продакшн» атты жеке компаниясы бар. Ол видеофильмдер, телебағдарламалар өндірумен айналысады. Былтыр күзде Ресей бюджетіне 18 876 рубль қарыз болған.
2020 жылы Forbes Russia басылымы оны 30 жасқа дейінгі болашағы зор 30 ресейліктің қатарына жатқызды.
ЗАҢНАМА БҰЗДЫ
Нұрлан Сабыров – 1991 жылы Қазақстандағы Степногорск қаласында туған. Ресейдегі университетке оқу түсіп, КВН-де ойнай бастайды. Кейінірек достарымен бірге жиналып, стендап концерттер ұйымдастырған. Ол жастар арасында өте танымал болады.
Нұрлан Сабуровты ТНТ арнасындағы «Ашық микрофон», «Stand Up» жобаларына шақырып, стендап баттлға қатысады. Осыдан кейін мансабы да өрлей түсті. 2017 жылы Мәскеуге көшіп, жеке концерттерін берді. Юрий Дудь, Иван Ургант жүргізетін бағдарламалардың қонағы болды.
Ресейде өнер көрсеткенмен әртіс құжатын ауыстырмаған, Қазақстан азаматы деп есептеледі.
Былтыр жазда оны Мәскеуде әуежайда ұстап, миграциялық заңнама бұзды деп айыппұл салған еді. Бүгін тағы да ресейлік БАҚ оған Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салды деп ақпарат таратты. Бірақ Нұрланның өзі де, командасы да бұған қатысты жауап берген жоқ.