Нұрлан Сабыровқа Ресейге 50 жыл кіруге тыйым салынды
34 жастағы қазақстандық әзілкеш әрі жүргізуші Нұрлан Сабыровқа Ресейге 50 жыл кіруге тыйым салынды. Әртүрлі дереккөздер мәліметінше, бұл шектеулер миграциялық және салық заңнамасын бұзғаны үшін енгізілген, деп хабарлайды Tizgin.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде тарағанымен, ресми растау әлі жоқ.
Mash басылымының хабарлауынша, қазір Сабыров әуежайда тұр және билет алу үшін қаражат жетпей, ұшып кете алмай отыр.
Журналисттер атап өткендей, 2025 жылы Сабыров миграциялық ережені бұзған, яғни елде рұқсат етілген уақыттан артық тұрған. Сол кезде ол айыппұл төлеп, екі апта ішінде елден шығып, заңға сәйкес қайта кіруі керек болған.
Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің хабарлауынша, бұл шешім елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңдылықты сақтау және ұлттық рухани-моральдық құндылықтарды қорғау мақсатында қабылданған.