ЕрекшеЖаңалықтарҚоғам

Белсенді Ермек Нарымбай екі айға қамауға алынды

Журналист Лұқпан Ахмедияров белсенді Ермек Нарымбай екі айға қамауға алынғанын жазды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Түнде, сағат 1:23-те Астана қаласының соты қаулы жариялады. Оған сәйкес Ермек Нарымбай осы жылдың 3 сәуіріне дейін қамауға алынды», — деп хабарлады Ахмедияров бейсенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске сала кетейік, 4 ақпанда Нарымбайдың әлеуметтік желілерде ақпарат жариялауға тыйым салған сот үкімін орындамағаны үшін ұсталғаны хабарланған болатын.

Back to top button