Бас прокурордың орынбасары тағайындалды
Бас прокурордың орынбасары болып Ерлан Өтегенов бас прокурордың орынбасары тағайындалды. Ол бұрын Астана қаласының прокуроры болған, деп жазады Tizgin.kz.
Өтегенов ңбек жолын 1997 жылы Алматы облысының прокуратурасы жанындағы құқықтық статистика және ақпарат орталығында прокуратура органдары, сот және аналитикалық жұмыс статистикасы бөлімінің бас маманы қызметінен бастады. Кейін Алматы облысы Қапшағай қаласының прокуратурасында көмекші, одан соң аға көмекші прокурор болып еңбек етті. Әр жылдары Алматы облысы прокуратурасының алдын ала тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау басқармасында прокурор, кейін аға прокурор қызметтерін атқарды. Одан соң Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында осы бағыттағы басқарма бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Кейін Алматы қаласының табиғат қорғау прокуратурасы прокурорының орынбасары, одан соң Алматы облысы Қарасай ауданы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарды. Ақмола облысындағы Целиноград және Егіндікөл аудандарының, сондай-ақ Алматы облысындағы Талғар ауданының прокуроры болып жұмыс істеді. Кейін Алматы қаласы бойынша бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының бастығы қызметін атқарды. Одан соң Қазақстан Республикасы бас прокуроры аппаратының кеңесшілер тобының аға көмекшісі болды.
2019 жылғы маусымнан 2022 жылғы мамырға дейін Астана қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарды. 2022 жылғы мамыр айынан бастап Астана қаласының прокуроры болып тағайындалды.