ЕрекшеҚоғамПікір

Қазақстанның қара тізімінде болмасам болды – Айдос Сарым (ВИДЕО)

Украинаның “Миротворец” сайтының тізіміне енгізілген Айдос Сарым осы жаңалық жөнінде пікір білдірді, деп жазады Tizgin.kz.

Еске сала кетейік, жақында Айдос Сарым украиналық “Миротворец” тізіміне енгізілген. Сайттың хабарламасында Сарымның “Украинаны қолдаған Қазақстан азаматтарын қылмыстық жауапқа тартуға бағытталған әрекетті жария түрде насихаттағаны” және “Ресей пропагандасының нарративін” таратқаны жазылған. Онда сонымен бірге Каспий құбыр желісі консорциумының инфрақұрылымына шабуыл жасалғанан кейін Айдос Сарымның Қазақстан бас прокуроры Берік Асыловқа қайырылып, “осы шабуылды қолдаған азаматтардың әрекетіне құқықтық баға беруді” талап еткені және мұндай әрекеттерді “Терроризмді насихаттау” және “Мемлекетке опасыздық жасау” баптарымен қарастыруды сұрағаны жазылған.

Айдос Сарым Ресейге де кіруіне тыйым салынған азаматтардың қатарында. Осы жағдай жөнінде пікіріңіз қандай деген сұраққа депутат қысқа ғана жауап берді.

“Маған Украина да, Ресей де маңызды емес. Маған Қазақстан маңызды. Сондықтан біреуге жақпай жатсам – олардың проблемасы. Қазақстанның қара тізімінде болмасам болды”, – дейді депутат.

 

Back to top button