Ерекше

Шавкат Рахмонов UFC рейтиңінен шығып қалды

Қазақстандық ММА файтері Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтиңінен шығарылды. Бұған дейін ол екінші орында тұрды әрі чемпиондық белбеуге басты үміткерлердің бірі еді, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

БІРІНШІ ОРЫНДА КІМ

UFC жаңартылған рейтиңін жариялады. Шавкат Рахмонов топ-15 тізімінен тыс қалды. Ол бұған дейін екінші үміткер болып тұрған. Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Иэн Мачадо Гарри үздік үштікті түйіндеп тұрды. Ал бірінші орында австралиялық Джек Делла Маддалена болды.

Өзгеріс нәтижесінде топ-15-тегі спортшылардың басым бөлігі бір сатыға жоғары көтерілді. Тек Джек Делла Маддалена өз орнында қалды.

ЖАРАҚАТЫ КЕДЕРГІ

Сонымен қатар топ-15 спортшылар қатарына танымал файтер Майкл Пейдж енді.

Еске салайық, жақында қазақстандық спортшының жарақат алғаны белгілі болды. Рахмонов екінші ота жасатқанын айтып, UFC-ге оралуды кейінге қалдырды.

Back to top button