ЕрекшеЖаңалықтар

FlyArystan рұқсат етілер тегін қолжүкті 7 келіге дейін ұлғайтады

FlyArystan әуе компаниясы 2026 жылдың 1 наурызынан бастап рейстерінде тегін қолжүктің нормасын 7 келіге дейін ұлғайтады, деп жазады әуе компаниясы.

Қолжүк өлшемдері өзгермейді – 56×23×36 см.

Жаңа ережелер 2026 жылы 1 наурыздан бастап орындалатын барлық рейстерге, билет сатып алу күніне қарамастан, қолданылады. Ал 2026 жылғы 28 ақпанға дейін (қоса алғанда) орындалатын рейстерде бұрынғы норма сақталады – 5 келі.

One-piece concept қағидаты өзгеріссіз қалады – бір жолаушыға бір ғана қолжүк рұқсат етіледі.

Back to top button