ЕрекшеЖаңалықтар

Талдықорғанда үш жасар баласын сабаған ер адам қамауға алынды

Полицияның хабарлауынша, 2 ақпанда кешқұрым медицина мекемесінен үш жасар баланың денесінде соққы іздері бары жайлы құзырлы органдарға хабарлама жеткен. Ізінше, көп өтпей сол баланың әкесі қамауға алынды, деп жазады Tizgin.kz.

Денесі көгерген баланың антүршігерлік видеосы әлеуметтік желіге тараған еді. Видеода жараланған бала шырылдап жылап жатыр.

Полиция осы іс бойынша «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен қылмыстық іс қозғады. Құқық қорғаушылар барғанда баланың әкесі мас болған. Ол уақытқа оқшаулағышқа қамалды. Бала қазір анасымен бірге медицина мекемесінде, жәбірленуші балаға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысын полиция департаменті басшылығы жеке бақылауына алған.

Back to top button