ЕрекшеЖаңалықтар
Шымкентте жасөспірім кәмелетке толмаған қызды зорламақ болған – полиция
Шымкентте жасөспірім кәмелетке толмаған қызды көтеріп ала қашқан видео желіде тарап жатыр. Полицияның мәліметінше, жасөспірім сол күні ұсталған, деп жазады Tizgin.kz.
«1 ақпанда полицияға кәмелетке толмаған қызды ұстап алып, оған қатысты заңсыз әрекет жасауға талпынған жасөспірім туралы арыз түсті. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жасөспірімнің ата-анасы полиция бөлімшесіне жеткізілді», – деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаменті.
Полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.