Ерекше

Қазақстан мен ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді уақытша тоқтататын болды

Мұндай шешім қазір әлемдік мұнай қорларының төмен деңгейде болуына байланысты қабылданды, деп хабарлайды Tizgin.kz BES.media-ға сілтеме жасап.

ТАҚЫРЫП ҚАШАН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстан өзге де ОПЕК+ елімен бірге 2026 жылғы наурыз айында мұнай өндіру көлемін арттыруды уақытша тоқтату және әлемдік мұнай қорларын мұқият бақылауды жалғастыру туралы шешімді растады. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды.

Бұған дейін 2023 жылғы сәуір және қараша айларында қосымша ерікті түзетулер енгізілгенін мәлімдеген ОПЕК+ құрамындағы сегіз ел, яғни Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман мемлекеттері 2026 жылғы 1 ақпанда виртуалды форматта кездесіп, әлемдік мұнай нарығының ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.

ТОҚТАТЫЛУ СЕБЕБІ

Сегіз ел тәулігіне 1,65 млн баррель көлеміндегі өндіріс нормасы нарықтағы жағдайға қарай, өзгерістерге байланысты ішінара немесе толық көлемде, біртіндеп қайта енгізілуі мүмкін екенін тағы да атап өтті.

«Елдер нарық жағдайын мұқият бақылап, бағалауды жалғастырады. Нарық тұрақтылығын қамтамасыз ету жолындағы үздіксіз күш-жігер аясында біз сақтық таныту мен толық икемділікті сақтау маңыздылығын тағы да атап өттік. Бұл – қосымша ерікті түзетулерді, соның ішінде 2023 жылғы қарашада жарияланған тәулігіне 2,2 млн баррель көлеміндегі бұрын іске асырылған ерікті қысқартуларды тоқтата тұруды немесе одан бас тартуды қамтиды», – делінген ОПЕК хабарламасында.

КЕЛЕСІ ОТЫРЫС ҚАШАН

Тараптар Ынтымақтастық туралы декларацияны толық орындауға, соның ішінде қосымша ерікті өндіріс түзетулерін сақтауға ұжымдық адал екендерін растады. Бұл міндеттемелердің орындалуын Бірлескен министрлік мониторинг комитеті (JMMC) бақылайды.

Сондай-ақ елдер 2024 жылғы қаңтардан бері болған кез келген артық өндіріс көлемін толық өтелетінін алға тартты.

ОПЕК+ елдері нарық жағдайын, міндеттемелердің сақталуы мен өтем мәселелерін талқылау үшін ай сайын кездесулер өткізеді. Сегіз елдің келесі отырысы 2026 жылғы 1 наурызға жоспарланған.

Мұнай өндіру көлемінің өсуін тоқтату туралы шешім Қазақстан мен өзге елдердегі жанармай мен энергия тасымалдаушылардың бағасына тікелей әсер етеді. Бұл қадам мұнай бағасы тұрақтылығын сақтауға, нарықтағы болжамдылықты арттыруға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде бағаның күрт ауытқу қаупі төмендеп, ел экономикасы мен мемлекеттік бюджетті жоспарлау жеңілдейді.

МӘН-ЖАЙЫ

ОПЕК (Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы) – мұнай саясатын үйлестіру және әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыру мақсатында құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым. Қазір ОПЕК құрамына 13 ел кіреді. Олардың қатарында Алжир, Ангола, Венесуэла, Иран, Ирак, Кувейт, Ливия, Нигерия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Эквадор, Катар және Индонезия бар. Ұйым әлемдік мұнай бағасы мен өндіріс көлеміне айтарлықтай ықпал етеді.

Back to top button