ЕрекшеЖаңалықтарОқиға

Абай облысындағы түрмеде сотталған адам кісі қолынан мерт болды

Абай облысындағы түзету мекемесінде сотталған адамның өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, ерекше режимдегі мекемеде “бір камерада отырған екі сотталған арасында жанжал шыққан. Қақтығыс кезінде олардың бірі екіншісіне ауыр дене жарақаттарын салып, жәбірленуші алған жарақаттарының салдарынан жан тапсырған”. Аталған дерек бойынша «адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Әлеуметтік желілерде жан тапсырған адамның видеосы тарап жүр. Оның денесінде көптеген жарақат ізі көрінеді. 

Күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалған.

ҚАЖК дерегінше, қазір тергеу және тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Back to top button