Ерекше
Чемпиондар лигасында соңғы орын алған «Қайрат» қанша табыс тапты
Алматылық клуб Чемпиондар лигасында 8 ойын ойнап, УЕФА-дан қомақты төлемақы алды, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы өз жорығын аяқтады. Клуб 36 команданың ішінен ең соңғы болып тұрақталды. Сегіз ойынның жетеуінен жеңілсе де, клуб қаржылық тұрғыдан ұтылмады. «Орда» спорт редакциясы мәліметінше, кіріс сомасы шамамен 11,65 млрд болды.
Бәрінен бұрын «Қайрат» ЧЛ-ға қатысқаны үшін 11,2 млрд қаржы тапқан, ал кипрлік «Пафоспен» есеп айырмасы тең болғаны үшін 422 млн теңге алды. Сондай-ақ, кестеде соңғы орын алғаны үшін клубтың қаржысына тағы 165,8 миллион қосылды.
Қосымша қаржы тағы сатылым мен телевизиялық және маркетингтік жұмыстардан қосылады.