ЕрекшеОқиға

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: оқиға орнына комиссия жіберілді

Қарулы күштерге қарайтын құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі Жамбыл облысындағы сарбаз өліміне қатысты іске ресми түсіндірме берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қорғаныс министрлігі мен қарулы күштердің басшылығы Жамбыл облысында қаруды пайдалану кезінде алған оқ жарақат салдарынан қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен жан-жақты қолдау көрсетілетінін хабарлайды.

“Аталған факт бойынша ІІМ әскери-тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оның барысында болған оқиғаның барлық себептері мен мән-жайлары анықталады. Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайларын объективті және жан-жақты анықтау мақсатында оқиға орнына қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың басшылығымен комиссия жіберілді. Жағдай министрдің жеке бақылауында”, – деп хабарлайды Қазақстан қарулы күштері құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Мереке Көшекбаев. 

27 қаңтарда Жамбыл облысында қаруды ұстау кезінде жарақат алған мерзімді қызметтегі сарбаз көз жұмғанын бұған дейін бас прокуратура хабарлаған еді. Құзырлы органның мәліметінше, аталған факт бойынша ІІМ әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Back to top button