Зүлфия Төленова уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Стан.кз.
Бұған дейін журналист Руслан Өтепбай құлдықта болған екі адамның мәселесін көтеріп, желіде оқиғаны ашық көрсеткен еді.
Басылым көп өтпей қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігі “Азаптау” және 140-бабының 3-бөлігі “Екі немесе одан да көп баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлайды. Зүлфия Төленованың қамқорлығына алған басқа балаларды ұрып-соққан видеосын журналист Руслан Өтепбай жариялаған.
Балаларды медициналық қызметкерлер тексеріп, мамандандырылған балалар мекемесіне орналастырылды. Ал Құндыз бен Назгүл арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығына орналастырылды.
Төленова 4 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.