Ерекше

Асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы өсті

2026 жылғы 1 қаңтардан Қазақстанда мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты төленетін әлеуметтік жәрдемақылар 10 пайызға ұлғайтылды. Аталған ақпаратпен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бөлісті, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

БИЫЛ БЕКІТІЛГЕН ЖӘРДЕМАҚЫ

Министрлік мәліметінше, жәрдемақылардың өсуі ең төменгі күнкөріс деңгейінің артуымен байланысты. Биыл жалпы ауру салдарынан мүгедектікке тағайындалатын мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері мынадай:

  • I топ – 111 872 теңге;
  • II топ – 89 498 теңге;
  • III топ – 61 021 теңге.

ҚОРДАН КЕТКЕН ҚАРЖЫ

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 72 409 теңгені, ал асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер 73 306 теңгені құрады.

2025 жылы республикалық бюджеттен мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге 655,7 млрд теңге бағытталды. Бұған қоса, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 90,3 млрд теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды, – деп мәлімдеді министрлікте.

Сондай-ақ ведомство дерегінше, өткен жылдың қорытындысында мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 553,9 мың адамды, ал асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша шамамен 191,9 мың адамды құраған.

Back to top button