Ерекше

Құрылтай депутаттары министрлерді отставкаға жібере ала ма – сенатор жауап берді

Қазақстан Конституциясына Құрылтайдың Үкімет жұмысына ықпал етуіне қатысты норма енгізу ұсынылып отыр. Бұл туралы сенатор Нұрлан Бекназаров мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

“ҮКІМЕТКЕ СЕНІМСІЗДІК БОЛЫП ҚАРАЛАДЫ”

Оның сөзінше, Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның бюджеттің орындалуы жөніндегі есебін қарап, бекіту Құрылтай құзыретіне беру ұсынылады.

Аталған есеп Құрылтай тарапынан қабылданбаса, бұл Үкіметке сенімсіздік білдіру ретінде бағаланатын болады, – деді ол.

МИНИСТЛЕР ТАҒДЫРЫ ДЕПУТАТ ҚОЛЫНДА МА

Сонымен қатар, Құрылтай депутаттары көпшілік дауыс арқылы министрлер тағдырына да ықпал ете алады.

Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің өз қызметі бойынша есептерін тыңдау құқығы көзделіп отыр. Есеп қарау қорытындысында Республика заңдарының орындалмағаны анықталса, Құрылтай Қазақстан Республикасы Президентінің атына Үкімет мүшесін қызметінен босату жөнінде ұсыныс енгізуге құқылы болады. Мұндай жағдайда Үкімет мүшесін қызметінен босату туралы шешімді Президент қабылдайды, – деп нақтылады Нұрлан Бекназаров.

Back to top button