ЕрекшеЖаңалықтар
Асанәлі Әшімовтың келіні, Сағи Әшімовтың жары Селімхан Ізімқызы өмірден озды
Қазақтың аңыз тұлғасы Асанәлі Әшімовтың келіні, Сағи Әшімовтың жұбайы Селімхан Ізімқызы өмірден озды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Селімхан Ізімқызы – қазақ мәдениетінде өзіндік орны бар әулеттің келіні. Ол – қазақ театр және кино өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық әртісі Сағи Әшімовтің жары болған.
Селімхан Ізімқызы көпшілік алдына жиі шықпағанымен, зиялы ортада парасаттылығымен, отбасы құндылықтарын берік ұстануымен және өнер адамдарына тән рухани сабақтастықты сақтаудағы рөлімен құрметке ие болды.
Былтыр жылдың соңында аңызға айналған актер Асанәлі Әшімов қайтыс болған еді.