ЕрекшеҚоғам

Діннің мемлекеттен бөлінуі Конституция деңгейінде нақты бекітілмек

Қазақстан заңгерлері одағының төрағасы Серік Ақылбай Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында діннің мемлекеттен бөлінуі Конституцияда ашық әрі айқын түрде тұжырымдалмағанын мәлімдеді, деп жазады Tizgin.kz.

Оның сөзінше, діннің мемлекеттен бөлінуі ар-ождан бостандығын шектемейді, керісінше оның құқықтық кепілі болып есептеледі.

«Діннің мемлекеттен бөлінуі туралы тікелей Конституциялық норманың болмауы – құқық қолдану тәжірибесіне екіұштылық жол береді», – дейді ол.

Серік Ақылбай басқа елдегі тәжірибелер (Түркия, Қырғызстан) осы мәселені Конституция деңгейінде тікелей бекіту мемлекеттік билік бейтараптығы мен ар-ождан бостандығын қорғаудың тиімді құралы екенін айғақтайтынын айтады. 

Back to top button