ГеосаясатҚоғам

«Арандатушылықтарға ермеймін»: желідегі шудан кейін Сәпиев алғаш үн қатты

Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев әлеуметтік желідегі төбелес жайлы шудан кейін алғаш рет үн қатып, желіге жазба қалдырды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жатқан жағдайға байланысты келесіні атап өткім келеді. Мен мемлекеттік қызметші ретінде өз міндеттерімді атқару барысында мемлекеттік қызметшінің әдеп қағидаттарын қатаң сақтаймын. Бала кезімнен бапкерлерім маған рингтен тыс жерде күш қолдануға болмайтынын үйретті. Өз мүмкіндігімді жақсы бағалаймын және әрбір іс-әрекетім үшін жауапкершілік арқалайтынымды толық түсінемін. Сондықтан қандай да бір арандатушылықтарға ермеймін. Мәселе толық қаралып, жабық деп есептеледі”, – дейді ол.

Қарағанды облысының полиция департаменті Tizgin.kz порталына Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растаған еді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Серик Сапиев (@serik_sapiyev)

Back to top button