Ерекше

Тоқаев Трамптың шақыртуымен Давосқа барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесі жарғысына қол қою рәсіміне қатысуға барады, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Мұның алдында аталған ақпаратпен Ақорда бөліскен болатын.

«22 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесі Жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давос қаласына жұмыс сапарымен барады», – деп хабарлады Ақорда.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Тоқаевты Газа бойынша жаңадан құрылатын Бейбітшілік кеңесі құрамына ресми түрде шақырған еді. Ресми дерекке сәйкес, Трамп кездесуге Еурокомиссия мен 50-ден астам елдің өкілдерін шақырып отыр.

Back to top button