ЕрекшеЭкономика

Қазақстандағы газ қоры бар 50 жуық учаске аукционға шығарылады

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов президенттің жаңа кен орындарын іздеу есебінен табиғи газдың әлеуетін күшейтуді тапсырмасы қалай орындалатынын айтып берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Үкімет отырысында баяндама жасаған министр газ саласының ұзақ мерзімді ресурстық базасын нығайту және елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «QazaqGaz» ұлттық компаниясымен геологиялық барлау жұмыстарының кешенді бағдарламасын іске асырып жатқанын атап өтті. Сөзінше, қазір шамамен 515 млрд. текше метр газды алдын ала ресурстық бағалаумен жер қойнауының 14 учаскесінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Орта мерзімді перспективада геологиялық барлау портфелін газдың жиынтық ресурстық бағасы шамамен 1,7 трлн. текше метр болатын 30 учаскеге дейін кеңейту көзделеді. Бұл өндірісті ұлғайту және болжамды ішкі сұранысты жабу үшін тұрақты негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Инвестициялық қызметті жандандыру және геологиялық тәуекелдерді бөлу мақсатында жер қойнауының 50 жуық учаскесін электрондық аукциондарға шығару жоспарланып отыр. Осы учаскелерде геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру «QazaqGaz», «Самұрық-Қазына» және инвесторлардың қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі», – дейді ол.

Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда Қазақстан Президенті «QazaqGaz» ұлттық компаниясының жұмысын өткір сынаған. Ол он мың адамнан аса қызметкері бар кваикомпанияның жұмысына көңілі толмайтынын айтқан еді. Оның алдында QazaqGaz басшысын қабылдаған кезде халықты және экономиканы тұрақты газбен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдауды, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізуді жандандыруды, сондай-ақ, газ саласының ресурстық базасын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырған болатын

Back to top button