Ерекше

Анипа Назарбаеваның мемлекет алдындағы қарызы көбейіп барады

Қытайдан тауарларды контрабанда арқылы өткізді деп айыпталған Group of the Companies TDA компаниясы 2026 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша мемлекетке 92,3 млрд теңге салық төлеуі тиіс, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.

ҚАРЫЗ ҚАНША

Мұның алдында бұл туралы ақпаратпен Мемлекеттік кірістер комитеті бөлісті. Соған сәйкес, аталған мекеме елдегі қарызы бар барлық компания ішінде қарыз бойынша төртінші орында тұр. Дәл сол сияқты 2025 жылғы 1 қазанда да, қарызы 90,3 млрд теңгені құраған еді. Осылайша, Group of the Companies TDA компаниясының қарызы бір тоқсанда 2 млрд теңгеге өскен.

Мемлекеттік кірістер департаменті (МКД) деректері бойынша, 1 қаңтардағы негізгі қарыз 52,9 млрд теңгені құраса, қалған бөлігі айыппұлдардан тұрады. Алматы маңындағы Шамалған ауылында тіркелген компания әртүрлі тауарды көтерме саудамен өткізумен айналысқан.

Компанияның тең иелері – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже әпкесі Анипа Назарбаева мен компания басшысы Әли Қылышпаев.

Анипаның үлкен ағасы Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылғы желтоқсаннан 2019 жылғы 20 наурызға дейін Қазақстан президенті болды. Ол қызметінен бұрынғы Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтті.

ҚМА ДЕРЕГІ

Қаржылық мониторинг агенттігі 2025 жылғы шілдеде хабарлағандай, Алматыда Қытайдан тауарларды контрабанда жасау және жалған шот-фактураларды рәсімдеу дерегі бойынша қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылған.

ҚМА жүргізген тергеу Group of the Companies TDA компаниясының Қытайдан 100 контейнер түрлі халық тұтынатын тауарларды заңсыз әкелгенін анықтаған. Компания өзіне тәуелді 10 кәсіпорын арқылы жалған шот-фактуралар жасаған көрінеді. Мемлекетке қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы және кеден төлемдерін төлемегені үшін келтірілген залал 10 млрд теңгені құрады. Тергеу барысында 643 млн теңге қайтарылды. 

Сонымен қатар, 47 серіктес компания өзара есеп айырысулардан бас тартып, 240 млн теңге салық төледі. Алматы қаласы Алмалы аудандық соты кінәлілерді (аты-жөндері көрсетілмеген) 1,4-тен 4,6 жылға дейін бас бостандығынан айыруға және мүлкін тәркілеуге үкім шығарды. Біреуіне халықаралық іздеу жарияланған.

Back to top button