ЕрекшеЖаңалықтар
Мемлекеттік кеңесші лауазымы қысқарып, вице-президент қызметі пайда болады
Бұл туралы Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Бұл туралы Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Тоқаев Ұлттық құрылтайда өзі ұсынып отырған бұл жаңашылдық соңғы бірнеше жыл бойы жүйелі түрде қалыптастырып келген бүкіл саяси құрылымды табиғи түрде толықтырып, бір арнаға тоғыстыратынын атап өтті.
“Әңгіме Қазақстан Республикасында вице-президент институтын құру және оны Конституцияда тиісті деңгейде бекіту туралы болып отыр. Вице-президентті парламенттің қарапайым көпшілік даусымен келісімі негізінде президент тағайындайды. Оның өкілеттіктер аясын Мемлекет басшысының өзі айқындайды”, – деді ол.
Президенттің сөзінше, вице-президент президенттің тапсырмасы бойынша мынадай функцияларды атқарады деп көзделеді:
– халықаралық форумдарда және шетелдік мемлекеттердің делегацияларымен жүргізілетін келіссөздерде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру;
– Парламентте президенттің мүддесін таныстыру;
– отандық және шетелдік қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
Сонымен бірге, Тоқаев мемлекеттік кеңесші лауазымы қысқаратынын айтты.