Ресейдің тағы бір үгітшісі “Қазақстан тәуелсіз ел дегенге көнбеу керек” деп мәлімдеді
Ресейлік философ және идеолог Александр Дугин Қазақстанды және басқа да посткеңестік елдерді егемендігінен айыруға шақырды. Ол тәуелсіз мемлекеттер дәуірі аяқталды деп мәлімдеп, Мәскеудің бақылауындағы одақ құруды ұсынды, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Философ бұрынғы КСРО елдерін Мәскеудің қол астындағы жаңа одақтың бір бөлігі ретінде көреді екен. Эфирде сөйлеген сөзінде Дугин Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Грузия және Әзірбайжанды атап өтті.
Ол ашық түрде:
«Арменияның немесе Грузияның, Әзірбайжанның, Қазақстанның, Өзбекстанның, Тәжікстанның, Қырғызстанның егемен ел болуымен келісуге болмайды», — деді.
Оның пікірінше, жаңа геосаяси жағдайда дербес мемлекеттерге орын жоқ.
Дугин Ресейге «қазір ешкім есептеспейтін» халықаралық құқықтан бас тартуды және жаңа саяси модель — еуразиялық Монро доктринасын құруды ұсынды.
«Халықаралық құқықтан бас тарту керек, белсенді қарсыласуға көшу керек. Трамп сияқты әрекет ете бастау қажет, өйткені бізде басқа жол жоқ», — деді ол.