ЕрекшеЖаңалықтар
Жаркентте баласын аяусыз сабаған әйел қамауға алынды
Оқиға Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында болған, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Полиция тексеріс жүргізіп, 28 жастағы әйелдің балаға дене жарақатын салғанын анықтаған. Осылайша іс бойынша қылмыстық іс қозғалған. Әйел бөлімшеге жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Ал екі бала мән-жай анықталғанға дейін отбасын қолдау орталығына орналастырылған.
Енді қамқоршылық және қорғаншылық органына ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарау туралы ұсыныс жолданбақ. Полиция кінәлі адамдар жазаға тартылатынын хабарлайды.