Бір адам мектепте тек екі жыл директор болуы керек – министр
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектепте бір адам тек екі жыл директор болуы керек деп санайды. Ал егер ол директордың жұмыс нәтижесі жақсы болып жатса, оның қызмет ету мерзімі тағы екі жылға ұзартылады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
ДИРЕКТОРҒА ТАҒЫ БІР МЕРЗІМ БЕРУГЕ БОЛА МА
Сөз арасында Сүлейменова өзгерістерге қатысты министр ретіндегі позициясын да білдіріп кетті.
Қазір министрлікке бұйрық болып енгізіледі. Өзімнің министр ретіндегі жеке позициям сол, бір директордың қызметтегі мерзімі екі жыл болуы қажет. Сонымен қатар, егер оның нәтижесі жақсы болып, оқушылар көрсеткіші мен білім сапасы көтерілсе де салмақты себеп. Қауіпсіздік мәселесі, мұғалімдердің біліктілігі мәселесі дұрыс жолға қойылса, онда директорға тағы бір мерзім беруге негіз бар. Сонда 4 жыл болады, – деді Сүлейменова.
“ҰСТАЗДАРДАН ШАҒЫМДАР ТҮСУДЕ”
Сондай-ақ министр негізгі тағайындалу мерзімі екі жыл екенін тағы бір баса айтты.
Бүгінде енгізілетін өзгеріс осындай болады. Бірақ бұған қатысты сіздердің де пікірлеріңізді білгім келеді. Қазіргі уақытта мен көптеген ұстаз тарапынан директорлардың озбырлығы туралы шағымдар түсуде. Директор ол білім сапасы мен оқу процесін ұйымдастырушы ғана. Бірақ өзі де білікті ұстаз болуы керек. Жалпы, бұл талапты жалпы қоғамның мәдениеті ретінде енгізуіміз қажет, – деді министр.