ЕрекшеТергеу

182 мың доллары тәркіленді: Қайсар Қамза Қазақстанға келсе қамауға алынады

Қаржылық мониторинг агенттігі белгілі блогер Қамза Қайсар Бақытжанұлына халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ҚМА мәліметінше, оған қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Ол заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілінген.

“Күдікті 5 жыл бойы «Instagram» әлеуметтік желісінде, «qais_arr» атауымен (2,4 млн жазылушы) белсенді блогерлік қызмет жүргізіп, сондай-ақ «Telegram»-дағы «Қора энтертейнмэнт» жабық арнасын (368 мың жазылушы) басқарған. Күдікті әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін «Pinco» сайтында тіркелуге және құмар ойындарға қатысуға бағытталған тікелей сілтемелерді, графикалық элементтерді және үндеулерді қамтитын бейнематериалдар мен жарияланымдарды жүйелі түрде орналастырған. Сонымен қатар бейнероликтердің астында пайдаланушыларға бонус беретін жеке промокодын көрсеткен”, – дейді ҚМА ресми өкілі Ернар Тайжан.

Осылайша, Қамза Қ.Б. азаматтарды құмар ойындарға тартуға бағытталған онлайн-платформаны жарнамалап, ойын платформасынан сыйақылар, бонустар немесе пайыздық аударымдар түрінде табыс алып отырған дейді агенттік. Заңсыз жолмен алынған кірістерді жасыру мақсатында күдікті криптоәмиянды пайдаланған. Оған «Pinco» интернет-казиносының ұйымдастырушыларынан төлемдер түсіп отырған. Сот санкциясымен 182 736,741 USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды.

Back to top button