Депутат Барлыбаев декларацияда айлықтан тыс 500 млн теңге тапқанын көрсетті
Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев 2024 жылға арналған декларациясында 528,6 млн теңге көлеміндегі қосымша табысын көрсеткен, деп хабарлайды Tizgin.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл сомаға парламенттегі ресми жалақысы кірмейді. Мәлім болғандай, Барлыбаев 2016 жылдан бері депутаттық қызметте. 2021 жылы VII шақырылым мандатын алған және «Ақ жол» партиясының мүшесі.
Сонымен қатар өзге депутаттар мен олардың жұбайлары да дәулеті туралы мәліметтерді жариялаған. Мәселен, Мәжіліс төрағасының әйелі Гүлжан Абауова 1,58 млн теңге, ал төраға орынбасары Альберт Раудың жұбайы 10,8 млн теңге табыс тапқан. Қалған парламентарийлер әзірге декларацияларын жарияламады немесе жалақысынан бөлек, қосымша табысын көрсетпеген.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ресми сайттарда депутаттар мен саяси қызметшілер декларацияларының жариялануы міндеттелді.