Ерекше

Актер Мұрат Бисембин өмірден өтті

“Рэкетир” фильмінде Руслан рөлін сомдаған актер Мұрат Бисембин қайтыс болы, деп хабарлайды Tizgin.kz Ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

АУЫР ДЕРТКЕ ШАЛДЫҚҚАН

Қаралы хабарды оның қызы мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Мұрат Бисембин ауыр дертке шалдығып, ауруханаға түскен еді. Артынша, оның инсульт алғаны да мәлім болды.

“Шексіз жақсы көремін”, – деп жазды қызы парақшасында.

ТАНЫМАЛДЫҚ ӘКЕЛГЕН РӨЛДЕР

Мұрат Бисембин (1973, Қызылорда) – Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі. Мамандығы – инженер-электрик.
2000 жылдан Алматы қаласында тұрды. 2001 жылдан киноға түсіп келген. Ең таңдаулы кейіпкерлері ресейлік “Параграф 78” фильмі мен режиссер Ақан Сатаевтың “Рэкетир” және “Ағайынды” фильмдерінде сомдалған. Бисембинге танымалдық алып келген “Рэкетир” фильмінен кейін көрермендер актерді әлі де аталмыш туындыдағы Руслан образымен байланыстырады.

Актерліктен бөлек Мұрат бокспен, ауыр атлетикамен, бодибилдинг және пауэрлифтингпен айналысқан.

Back to top button