Ерекше

Қазақстандықтар денсаулығына байланысты жүргізуші куәлігінен айырыла бастады

Денсаулық сақтау министрлігі ІІМ-мен бірлесіп диспансерлік есепте тұрған 370 мыңға жуық адамды тексеріп шықты, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Тексеріс көрсеткендей, 273 819 азаматтың ешқашан жүргізуші куәлігі болмаған, олардың 41 677-сінің күші жойылған, 54 мыңнан астам куәлігі әлі де бар болып шыққан.

Нәтижесінде сотқа 4,5 мың талап арыз жолданды. 2025 жылдың желтоқсанындағы жағдай бойынша 1787 адамның құқықтары жойылды.

«Бұл азаматтардың медициналық қарсы көрсетілімдері болғандықтан көлік құралын басқаруға құқығы жоқ».

Енді психоневрологиялық және наркологиялық есепте тұрған қазақстандықтар туралы деректер екі ведомство арасында автоматты түрде, нақты уақыт режимінде беріледі.

Бүкіл елді сілкінткен қайғылы оқиғаны еске алайық. Өткен жылдың тамыз айында Toyota жүргізушісі балаларды өз үйінің қақпасының алдында қағып кеткен. Жол жүру кезінде оның ұстамасы (эпилепсия) ұстап қалған. Диагнозына қарамастан ер адам көлік жүргізіп жүрген. Жол-көлік оқиғасында төрт бала қаза тауып, екеуі ауыр жарақат алды.

Back to top button