ЕрекшеТергеу

Атырау облысында пара алды деген күдікпен полицейлер ұсталды

Атырау облысында полицияның екі қызметкері пара алды деген күдікпен тергеліп жатыр. Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымы хабарлады.

«Атырау облысында полицияның екі қызметкерінің пара алуы мүмкін деген дерек бойынша тергеу басталды. Мақат ауданының тұрғыны мас күйінде көлік тізгіндеп, полиция қызметкерлеріне 300 мың теңге берген. Кейін ер адам ақшасын қайтаруды талап етіп, Атырау облысы полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік қызметіне арызданған. Өтініш иесінің айтуынша, ақша мас күйінде көлік басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпау мақсатында берілген», – делінген хабарламада.

Азаматтың арызы 2025 жылғы 24 желтоқсанда түскен, содан кейін сотқа дейінгі тергеу басталған. Сол күні, басылым мәліметінше, күдікке ілінген полиция қызметкерлері жалпы жиналыс кезінде ұсталған. Кейін олар уақытша ұстау изоляторына қамалып, қызметтік тексеру нәтижесінде ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан босатылған.

Back to top button