ЕрекшеЖаңалықтар

Павлодарда мемлекеттік құпияларды жариялаған колонияның экс-басшысы сотталды

Одан бөлек, ол сотталғандарға жеңілдіктер мен басымдықтар берген, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

ПРОКУРАТУРА НЕ ДЕЙДІ

Павлодарда сот №45 түзеу мекемесінің бұрынғы бастығын 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, мемлекеттік құпияларды жария ету баптары бойынша кінәлі деп танылды.

Тергеу мәліметінше, экс-басшы пара алу арқылы кей сотталғандарға жеңілдіктер мен артықшылықтар берілер жағдай жасады. Бұдан бөлек, қызмет атқару кезінде ол лауазымына байланысты қол жеткізе алған құпия деректерді жария еткен, – деп хабарлады Бас прокуратура.

ҚАНДАЙ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Сот үкімімен ол подполковник арнаулы атағынан айырылып, өмір бойына мемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан шеттетілді. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда колонияның тағы бір бұрынғы басшысына қатысты үкім шыққаны хабарланған болатын. Ол параны кеңсе креслосы түрінде алған. Кейін басқа сотталғандардан «жалпы қамқорлығы» үшін үш миллион теңге талап еткен.

Back to top button